Бұл қай кезде болады?/ Когда это бывает?

начать тренировку

Қар еріп, су көбейіп, сай салада ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып
Гүл бәйшешек болады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Көктем / Весна

Көбелектер бір гүлде
Қызыл-жасыл күллі өңір,
Бау бақшада барша жұрт,
Санқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары,
Бұл қай кезде болады?

Жаз / Лето

Өрік, алма, шие,алма,
Жидек, жүзім піседі,
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі,
Астық пісіп, орақ орып
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Күз / Осень

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде ысқырып
Ұтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?

Қыс / Зима

Подсказка

Тақпақты жаттап ал.

Выучи стихотворение.

© 2013, «Онлайн курс казахского языка»

Все права защищены. Любое использование материалов сайта допускается только при письменном разрешении редактора.

Сделано в Web Art Promotion