САНАМАҚТАР / СЧИТАЛОЧКИ

Санамақ - жас балаларға арналған ұлттық ойын. Ол ептілікті, икемділікті қажет етеді. «Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып-үйрену кезеңінде математиканың бастапқы негіздерін толық меңгеруге мүмкіндік береді.

 

 

ОНҒА ДЕЙІН САНАУ

Бір - білім ал,

Екі - ерлік көрсет.

Үш - үлгі тұт

Төрт - тәртіп керек.

Бес - бестік баға ал,

Алты - алғыс ал.

Жеті - жеңіс біздікі

Сегіз - сенім керек.

Тоғыз - тоқу керек

Он - оқу керек.





Бір дегенім - білеу,

Екі дегенім - егеу,

Үш дегенім - үскі,

Төрт дегенім - төсек,

Бес дегенім - бесік,

Алты дегенім - асық,

Жеті дегенім - желке,

Сегіз дегенім - серке,

Тоғыз дегенім - торқа,

Он дегенім - оймақ,

Он бір ауыз қара жұмбақ.


Қ. Мырза Әли

© 2013, «Онлайн курс казахского языка»

Все права защищены. Любое использование материалов сайта допускается только при письменном разрешении редактора.

Сделано в Web Art Promotion